2019 жылы тұсауы кесілген Қазақ ұлттық күнтізбесі жобасында 15 қараша күні Батырлар күні болып бекітілді. Бұл күн қазақ батырларының елдің бүтіндігін сақтаудағы еңбектерін жас ұрпаққа паш етуге бағытталған. Осы күні 1915 жылы Ұлы Отан соғысында басқыншылармен күресте үлкен қажыр-қайрат көрсеткен, Кеңес одағының батыры Мәлік ГАБДУЛЛИН дүниеге келді.
Мәлік Ғабдуллин батыр ғана емес, сонымен қатар жазушы, педагог, филология ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақ халқының ауыз әдебиеті», «Ел намыс – ер намысы», «Қазақ эпосы», «Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес» және тағы басқа көптеген кітаптардың авторы. Қазақ батырлары туралы сөз болғанда ел мен жерді жаудан азат еткен халық батырлары есімізге оралады. Жалпы алғанда батырлар тарихи жадысы ұмытылмаған, рухы биік халықтан шығады. Олар ұлттық рухтың, ел мен жердің қорғаны. Қазақ қоғамындағы Батырлар институты қазақ халқының жоңғар, хиуа, қоқан шапқыншылығы және патшалықтың отарлық саясат кезеңінде, Ұлы Отан соғысы мен 1986 жылғы қазақ жастарының ұлт мүддесін қорғауларынан айқын көрінді. Бұл ретте қазақ батырларының мұрасын дәріптеу аса маңызды екені даусыз.
Осыған орай 13 қараша күні мектебімізде арнайы ақпараттық стенд ұйымдастырылып, таныстырылым бейне-үзініді оқушылар назарына ұсынылды.
15 ноября утверждено Днем героев в проекте казахстанского национального календаря, который был представлен в 2019 году. Целью этого дня является показать молодому поколению труд казахских героев по сохранению целостности страны. В этот день в 1915 году в Великой Отечественной войне родился Герой Советского Союза Малик ГАБДУЛЛИН.
Малик Габдуллин – не только герой, но и писатель, педагог, доктор филологических наук, профессор. Он автор книг «Устная литература казахского народа», «Честь страны – мужская честь», «Казахский эпос», «Советы родителям по воспитанию» и многих других книг. Когда мы говорим о казахских героях, мы вспоминаем народных героев, освободивших страну и землю от врага. В целом герои происходят из людей, чья историческая память не забыта и чей дух высок. Они — оплот национального духа, страны и земли. Институт героев в казахском обществе проявился в защите национальных интересов казахской молодежи в период Джунгарского, Хивинского и Коканского нашествий казахского народа и колониальной царской политики и в годы Великой Отечественной войны и национальных интересов казахской молодежи в 1986 году. В то же время, несомненно, важно прославлять наследие казахских героев.
В связи с этим 13 ноября в нашей школе был организован специальный информационный стенд, а вниманию учеников был представлена видеопрезентация.