Мектеп туралы

Қарағанды ​​облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ

1. Мекен-жайы: Сатпаев көшесі, 5. Телефоны – 4-90-21 Факс -8 (71036) 4-90-21.
2. Мектеп ғимараты 1961 жылы салынды
3. 1981 жылдан бастап санаторлық мектеп-интернаты атағына ие
4. Оқыту тілі: қазақша
5. Жалпы оқушы саны 367, оның ішінде: қазақ тілінде білім алатыны – 367. Жетім балалар — 2, атананың қамқорынсыз қалған балалар — 15, отбасылық жағдайы төмен- 51, аз қамтылған отбасы балалары — 41.
6. Мұғалімдер — 35, тәрбиешілер– 13, психолог – 1, әлеуметтік педагог- 1
7. Оқу бір ауысымда жүргізіледі.
8. Мектептің даму бағдарламасы:

— бәсекелестікке, ұйымдастыруға қабілетті тұлға тәрбиелеу және дамыту, «Жас менеджерлер мектебін» құру.

— Қоғам мен әлеуметтің моралды-этикалық талаптары негізінде түсінігі мен тәртібі тұрақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған;

— №2 мектеп-интернатының заман талабына сай жаңа перспективалық бейінді мектептің заманауи эко-агро-экономикалық моделіне көшу.

— Оқу үрдісінде тәжірибе алу негізінде алдын ала кәсіпкерлікке бейімделу мен бағытталу мүмкіндігін жасау.

9. Мектептің жалпы ауданы – 5449 кв. м
10. Жұмыс алаңы – 3869кв. м.
11. Оқу бөлмелері: – 22.
12. Мектепте компьютерлік бөлме жабдықталған:Барлығы интернет желісіне қосылған .
13. Физика кабинетінде LCD дисплейі орнатылған. Ағылшын тілі кабинетінде — «Білімал» сервері. Бастауыш сынып кабинеттері әр пәнді дамытуға бағытталған.
14. Типтік спорт залы, акт залы, медициналық блок, асхана, типтік жатақхана, сауықтыру орталығы, М.П. Русаков атындағы мұражай, бос уақытты ұйымдастыру орталығы бар.
15. «Болашак» жазғы демалыc және еңбек орталығы жұмыс істейді.
16. Ауылшаруашылық еңбегіне баулуда мектеп жылыжайында, мектеп ауласында, «Болашақ» жазғы демалыc және еңбек орталығында ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.