Жаңашыл әдіс-тәсілдерді қолдану – уақыт талабы.
24 қыркүйек күні мектеп шығармашылық топ мүшелері әріптестерімен «Оқушылардың білім сапасын арттыру жолдары» тақырыбында семинар өткізді. Семинардың мақсаты мектеп оқушыларының білім сапасын жетілдіру, сапалы оқыту. Семинарда бастауыш сынып мұғалімі Аманбекова Г.М, химия-биология мұғалімі Хамитова С.Қ, бастауыш сынып мұғалімі Елеубекова А. Б. білім сапасын арттыруда қолданатын тиімді әдіс тәсілдерімен бөлісті. Атап айтқанда, қазақстандық ғалым Ф. Я. Вассерманның «Биоақпараттандыру және синергетика» (әрі қарай БжС) білім беру технологиясын қабылдап, қазіргі таңда осы технология бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізе бастады. Бұл технологияны алудағы мақсатымыз, оқыту сапасын басқару және оқыту нәтижесін толық көрсететін көрсеткіштер мен критерийлердің талабын орындауға бағыттау арқылы оқытудың сапасын арттыру. Сонда ғана сапаның нақты көрсеткіштері көрінеді. Өлшем нормаларының бірі – тапсырманы орындау уақыты. Оқу процесін дамытуда «БжС» білім беру технологиясын ойлану жылдамдығын арттыру, еске сақтауда, оқу үлгілерінің сапасын жаңартуда, оқу материалын игеруде үлкен жетістіктерге жеткізетіні тәжірибеде дәлелденіп отыр.
24 сентября члены школьной творческой группы провели семинар на тему «Пути повышения качества знаний учащихся» для своих коллег. Цель семинара — улучшение качества знаний школьников и обеспечение качественного обучения. В ходе семинара учителя начальных классов Аманбекова Г. М., Елеубекова А. Б. и учитель химии и биологии Хамитова С. К. поделились эффективными методами и приемами, которые они используют для повышения качества образования. Особое внимание было уделено образовательной технологии «Биоинформатика и синергетика» (далее БИС) казахстанского ученого Ф. Я. Вассермана. В настоящее время они систематически работают с этой технологией. Основная цель использования данной технологии — управление качеством обучения и выполнение требований показателей и критериев, которые полно отражают результаты обучения. Только таким образом можно достичь точных показателей качества. Одной из норм оценки является время выполнения задания. В практике доказано, что образовательная технология «БИС» способствует развитию скорости мышления, улучшению памяти, обновлению качества обучения и освоению учебного материала.