26.09- 03.10.2024ж аралығында «Михаил Русаков атындағы мектеп- интернатында» мектепшілік «Жыл мұғалімі» байқауы өткізіліп жатыр. Байқауға әр әдістемелік бірлестіктен бір мұғалімнен ұсынылды. Олар бастауыш сынып мұғалімі Ахметжанова А.С, физика мүғалімі Амантаева М.С, ағылшын мұғалімі Коктаева Н.Н. Мектепшілік байқаудан көп ұпай жинаған мұғалімді қалалық байқауға ұсынамыз.
Байқаудың мақсаты: мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру, педагог мамандығының мәртебесін арттыру, насихаттау және озық педагогикалық тәжірбиені тарату.
Байқау екі кезеңнен өтеді:
Бірінші кезең ашық сабақ беру, екінші кезең сыныптан тыс іс- шара.
26.09 күні физика пәнінің мұғалімі Амантаева М. С. 8 “А сыныбында «Жылу мөлшері. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта Flipity, Word wall, Emaze платформасын қолданып әр-түрлі тапсырмаларды орындады, есептерді шығарды. Оқушылар белсене қатысып, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындалды.
С 26.09 по 03.10 в школе-интернате имени Михаила Русакова проходит школьный этап конкурса «Учитель года». На конкурс было номинировано по одному преподавателю от каждого методического объединения. Это — учитель начальных классов Ахметжанова А. С, учитель физики Амантаева М.тС, учитель иностранных языков Коктаева Н.Н. Учитель, набравший наибольшее количество баллов в школьном этапе проходит на городской конкурс.
Цель конкурса – повышение профессионального мастерства учителя, повышение статуса педагогической профессии, пропаганда и распространение передового педагогического опыта.
Конкурс будет проходить в два этапа: первый этап – открытый урок, второй этап – внеклассная работа.
Сегодня, 26 сентября, в рамках конкурса, учитель физики Амантаева М.С. в 8 «А» классе провела открытый урок по теме «Количество тепла. Удельная теплоемкость вещества». В ходе урока преподаватель использовал платформы Flipity, Word wall, Emaze, выполнялись различные задания. Учащиеся активно участвовали и выполняли задания разного уровня, решали задачи.