І. Жалпы ереже
1. Осы Ереже Қарағанды облысы аумағында орналасқан жалпы білім беретін мектептер арасындағы Сүлеймен Жаңбыршин нұсқасындағы «Алпамыс батыр» жырын жатқа оқудан «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) ұйымдастыру және өткізу тәртібін белгілейді.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2022 жылы Республика күнінде «…біз бұған дейін мемлекеттілігімізді нығайтуға баса мән бердік. Енді азаматтардың мемлекетшілдік сана-сезімін арттыруға да жете көңіл бөлуіміз керек. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Тұлпар мініп ту алған» жалпыұлттық эстафетасы өткенін білесіздер» деп тоқталып, кейін Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу» деп атап өткен болатын.
Президент тапсырмасы негізінде қолға алынған Байқау кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөнінде жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылады.
2. Байқаудың мақсаты: өскелең ұрпаққа қазақтың рухани қазынасын насихаттау, жастар арасында халық ауыз әдебиеті мен фольклорды насихаттау, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, патриоттық сезімді арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Міндеттері:
— балалар арасында кітап оқуды және қазақ халқының батырлық эпостарын насихаттау;
— өскелең ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамытуға жағдай жасау;
— балаларды халық поэзиясына, қазақ халқының рухани асыл мұрасына деген сүйіспеншілікке және патриотизмге тәрбиелеу, елдік пен ерлік рухын, намысқой, қайсарлық қасиеттерге баулу;
— балалардың әдебиетке, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілігін ояту;
— дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсету, өнерлі жастарды халық арасында таныту;
— мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, мәртебесін арттыру;
— қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімдерін ынталандыру.
ІІ. Ұйымдастыру жұмыстары
3. Ұйымдастыру комитеті Байқауды өткізудің жалпы тәртібін анықтайды және оны өткізуге тікелей басшылық етеді. Сондай-ақ өтінімдерді қабылдайды, қатысушылардың тізімін жасап, қазылар алқасының құрамын анықтайды.
4. Байқауға қатысатын үміткерлерді бағалау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамында тіл мен әдебиет, мәдениет пен білім саласындағы білікті мамандар, ғалымдар, зиялы қауым өкілдері болады (үш адамнан кем емес).
Қазылар алқасының шешімі түбегейлі болып табылады және қайта қаралмайды. Қазылар алқасы қатысушылардың әрбір мүдіргенін қалт жібермей, белгілеп отыруы тиіс.
Қазылар алқасы мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді, оған қазылар алқасының барлық құрамы қол қояды.
ІІІ. Өткізу тәртібі
5. Байқауға оқыту тіліне қарамастан, мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы орта білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың және жалпы білім беретін ұйымдардың 6-10 сыныптарының оқушылары қатыса алады. Әр мектептен кем дегенде 10 оқушы (6-шы сыныптан 2 оқушы, 7-ші сыныптан 2 оқушы, 8-ші сыныптан 2 оқушы, 9-шы сыныптан 2 оқушы, 10-шы сыныптан 2 оқушы) және оқушыларды дайындайтын 5 мұғалім қатысады (Әр мұғалім 2 оқушыдан артық дайындай алмайды).
Байқау 2 кезеңнен тұрады:
— аудандық және қалалық кезең (2026 жылғы 1-30 қазан аралығында);
— облыстық кезең (2026 жылғы 10 қарашаға дейін. Өтетін орны – Қарағанды қаласы).
І кезеңде (аудандық/қалалық) қатысушыларға қойылатын талап:
— жыр айтудан сайыс;
— сұрақ-жауап (жыр ішіндегі жекелеген оқиғалар мен жер-су атауларына қатысты сұрақтар);
— жырдың ішіндегі көнерген, тарихи сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.
ІІ кезеңде (облыстық) қатысушыларға қойылатын талап:
6. Байқау Ережесі мен облыстық кезеңде қатысушыларға қойылатын сұрақтар тізбесі алдын ала saryarqa-jastary.kz немесе qazaqeposqar сайтында жарияланады. Алайда билетте сұрақтардың берілу формасы өзгергенімен мазмұны сақталады.
7. Бағалау өлшемдері (критерийлері):
— қатысушылар 10 балдық жүйемен бағаланады;
— қатысушының шығарманы оқу мәнеріне және әртістік шеберлігіне назар аударылады, яғни батырлар жырын нақышына келтіріп, төгілтіп жырлауы ескеріледі. Жырды айту барысында қатысушы жаңылса, не ұмытып қалса байқаудан шығарылады, ал жеңгені келесі кезеңге өтеді.
— қазылар алқасы оқушының білімін тексеру үшін қосымша сұрақтар қойып, дауыс беру арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
8. Марапаттау
Байқаудың аудандық (қалалық) кезеңінде 1, 2, 3 орын алған жеңімпаздар облыстық кезеңге жолдама алады. Ал жеңімпаз оқушылардың ұстаздары Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталады.
Жеңімпаз оқушылар ақшалай Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан ақшалай сыйақымен марапатталады (салықтық төлемдерді қоса есептемегенде):
І орын – 150 000 (жүз елу мың) теңге;
ІІ орын – 100 000 (жүз мың) теңге;
ІІІ орын – 70 000 (жетпіс мың) теңге;
Байқаудың облыстық кезеңінде жеңімпаз атанғандарға ақшалай жүлде қоры (салықтық төлемдерді қоса есептемегенде) төмендегідей бекітілді:
Оқушылар үшін:
І орын (біреу) – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
ІІ орын (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
ІІІ орын (біреу) – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.
Ұстаздар үшін:
І орын (біреу) – 1 000 000 (бір миллион) теңге;
ІІ орын (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге;
ІІІ орын (біреу) – 250 000 (екі жүз елу мың) теңге.
Байқау ережесіне өзгерістер енгізілсе қосымша хабарланады.
Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы:
Тел.:8 (7212) 513800, +77074012636, e-mail: qazaqepos2026@mail.ru
saryarqa-jastary.kz сайтында тіркелесіз!
*Ескерту: Әр мұғалім 2 оқушыдан артық дайындай алмайды. Қатысушылар туралы ақпаратты веб-сайтқа орналастыру үшін фотосуреттері мен ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімі қоса берілуі тиіс.
https://www.instagram.com/reel/DauRb4egp1E/?igsh=MTNlczg5cnI2eW8zeQ==
