Бүгін мектебіміздің мұғалімдері арасында білім сапасын көтеру мақсатында тәжірибе алмасу өтті. Жиын барысында Жайна Кажмуратовна пәндер бойынша білім сапасына тоқталып, төмен сапа көрсеткен сыныптарды пәндер бойынша бөліп, зерттеуге алынғанын айтты. 2-ші болып Мадина Төлтайқызы жасанды интеллект бойынша сөз қозғады. Мектеп мұғалімдеріне сабаққа тиімді ЖИ ұсынды. Атап өтетін болсақ mathCPTPro, chat.GPT, conker.ai, gamma, copilot, gemini, magicSchool.ai. 3-ші болып тарих пәнінің мұғалімі Ильяс Тилекович өз сабағында қолданатын белсенді оқыту әдістерімен бөлісті. Оның бірі “FILE” әдісі. “File” әдісі арқылы оқушылар мәтінді оқып талдайды:
«F» — Мәтіннен негізгі фактілерді анықтайды;
«I» — Мәтіннің негізгі идеясын анықтайды;
«L» — Мәтінде көтерілген негізгі мәселені анықтайды;
«E» — Көтерілген мәселелерді өзіндік көзқарасымен талдайды. “Сөздер банкісі” әдісі және “Төлқұжат жаса” әдісін қалай қолдану керек екенін түсіндіріп, мұғалімдерге қызықты тапсырмалар орындатты. Бүгінгі тәжірибе алмасу сәтті өтіп, мақсатына жетті.
Сегодня среди учителей нашей школы состоялся обмен опытом с целью повышения качества знаний. В ходе встречи Жайна Кажмуратовна акцентировала внимание на качестве образования по предметам, и рассказала, что классы с низким качеством знаний были разделены по предметам и взяты на исследование. Мадина Толтайкызы рассказала о платформах искусственного интеллекта. Школьным учителям предложены эффективные платформы с ИИ на уроках: mathCPTPro,chat.GPT, conker.ai, gamma, copilot, Gemini, MagicSchool.ai. Учитель истории Ильяс Тилекович поделился активными методами обучения, которые он использует на своих уроках. Одним из них является метод «FILE». Посредством данной методики учащиеся читают и анализируют текст, где;
«F» — Обозначает основные факты из текста;
«I» – определяет основную мысль текста;
«L» – определяет основную проблему, поднятую в тексте;
«E» – Анализирует поднятые вопросы со своей точки зрения. Учителем было продемонстрировано, как использовать методы «Банк слов» и метод «Создай паспорт». Были подготовлены интересные задания для учителей. Сегодняшний обмен опытом прошел успешно и достиг своей цели.