Берекелі шаңырақ – тәрбие негізі»
2026 жылғы 18 қараша күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында Аналар клубының жетекшісі, тәрбиеші А. М. Омарованың ұйымдастыруымен «Берекелі шаңырақ – тәрбие негізі» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 6–7 сынып оқушылары мен Аналар клубының мүшелері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, ана мен бала арасындағы сыйластық пен түсіністікті нығайту, жас ұрпақтың бойына адамгершілік, мейірімділік және үлкенге құрмет қасиеттерін қалыптастыру.
Кездесу барысында аналар мен оқушылар арасында жылы әрі мазмұнды әңгіме өрбіді. Қатысушылар отбасы тәрбиесінің маңыздылығы, ананың бала өміріндегі орны, өзара құрмет пен сенім туралы ой бөлісті. Оқушылар аналарға сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді.
Іс-шара оқушылар мен аналар арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық тәрбие мен ұлттық құндылықтардың маңызын түсінуге ықпал етті. #ДаналықМектебі #АтаАналарҚауымдастығы #АдалАзамат #МектепЖәнеОтбасы #БалаТәрбиесі #БірлескенТәрбие #СаналыҰрпақ
«Благополучная семья – основа воспитания»
18 ноября 2026 года в школе-интернате имени Михаила Русакова руководителем Клуба матерей, воспитателем А. М. Омарова было проведено воспитательное мероприятие на тему «Благополучная семья – основа воспитания».
В мероприятии приняли участие учащиеся 6–7 классов и члены Клуба матерей.
Цель мероприятия: популяризация семейных ценностей, укрепление взаимопонимания и уважения между матерями и детьми, формирование у учащихся нравственных качеств, доброты и уважительного отношения к старшим.
В ходе встречи состоялась тёплая и содержательная беседа о роли семьи в воспитании подрастающего поколения, значении материнской любви, заботы и поддержки. Мамы поделились своим жизненным опытом, а учащиеся задавали вопросы и высказывали своё мнение.
Мероприятие способствовало укреплению взаимоотношений между детьми и матерями, формированию уважительного отношения к семейным традициям и осознанию важности семейного воспитания.
Такие встречи помогают сохранить семейные ценности и воспитывают в детях уважение, ответственность и доброту.
