Адалдық пен жауапкершілік — қоғам тірегі
20 қараша күні мектебімізде «Заң және тәртіп» идеологемасы аясында 7–11 сынып оқушыларына арналған семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Балқаш қаласы прокуратурасының прокуроры Максутова Жадыра Жанатқызы ұйымдастырып өткізді. Кездесу спикері — Тоқатов Руслан Алтайұлы.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану және заң талаптарын сақтау мәселелері қозғалды. Сонымен қатар жасөспірімдердің қауіпсіздігі мен құқықтық сауаттылығына қатысты маңызды тақырыптар қамтылды:
- Кәмелетке толмағандардың құқықтық жауапкершілігі: заңға қайшы әрекеттердің салдары мен әр адамның өз ісіне жауапкершілікпен қарауы;
- Буллинг пен кибербуллингтің алдын алу: қысым көрсету, қорқыту әрекеттеріне жол бермеу және көмекке жүгіну;
- Интернет қауіпсіздігі:әлеуметтік желілерді қауіпсіз пайдалану, алаяқтық схемалардан, дропперлік пен заңсыз онлайн табыс ұсыныстарынан сақтану;
- Зиянды әдеттерден аулақ болу: есірткі, психотроптық заттар, вейп пен темекі өнімдерінің зияны және олармен байланысты құқықтық жауапкершілік.
Семинар-тренинг оқушыларды саналы таңдау жасауға, өз құқығы мен өзгенің құқығын құрметтеуге, адалдық пен жауапкершілікті күнделікті өмірде ұстануға бағытталды.
#АдалАзамат #ЗаңЖәнеТәртіп #СыбайласЖемқорлыққаҚарсы #ҚұқықтықСауаттылық #БуллингкеЖолЖоқ #ҚауіпсізИнтернет #балқашқаласыбілім бөлімі##балқашқаласы полициябөлімі####білімбасқармасы###БалқашҚаласыныңПрокуратурасы
Честность и ответственность — опора общества
20 ноября в нашей школе в рамках идеологемы «Закон и порядок» состоялся семинар-тренинг для учащихся 7–11 классов. Мероприятие организовала и провела прокурор прокуратуры города Балхаша Максутова Жадыра Жанатқызы. Спикером встречи выступил Тоқатов Руслан Алтайұлы.
В ходе встречи обсуждались вопросы профилактики коррупции, соблюдения принципов честности, справедливости и требований закона. Также были затронуты важные темы, касающиеся безопасности и правовой грамотности подростков:
- Правовая ответственность несовершеннолетних: последствия противоправных действий и ответственное отношение к своим поступкам;
- Профилактика буллинга и кибербуллинга: недопущение давления и запугивания, обращение за помощью;
- Безопасность в интернете:безопасное использование социальных сетей, защита от мошеннических схем, дропперства и предложений незаконного заработка в интернете;
- Отказ от вредных привычек: вред наркотиков, психотропных веществ, вейпов и табачной продукции, а также связанная с ними правовая ответственность.
Семинар-тренинг был направлен на формирование у учащихся умения делать осознанный выбор, уважать свои права и права других людей, придерживаться принципов честности и ответственности в повседневной жизни.
#АдалАзамат #ЗаконИПорядок #ПротивКоррупции #ПравоваяГрамотность #НетБуллингу #БезопасныйИнтернет #ОтделОбразованияГородаБалхаша #ОтделПолицииГородаБалхаша #УправлениеОбразования #ПрокуратураГородаБалхаша
