Кәсіптік бағдар беруші Абилкасимова Ж.О 9- сынып оқушыларымен «Мамандық таңдау – өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.                                                                                            

 Мақсаты – оқушыларға мамандық таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, болашақ кәсібін саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру және кәсіби қызығушылықтарын арттыру.                                                                                     

Дөңгелек үстел барысында оқушыларға мамандық таңдауда жеке қабілет пен қызығушылықты ескеру, еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерді білу және болашаққа нақты мақсат қоюдың маңыздылығы туралы айтылды. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, таңдаған мамандықтары туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, дұрыс таңдалған мамандық адамның өмірдегі жетістігіне жол ашатыны және әрбір мамандықтың қоғамда өзіндік орны бар екені түсіндірілді.

Профориентатор Абилкасимова Ж.О. провела с учащимися 9-го класса круглый стол на тему «Выбор профессии — правильное заложение одного из кирпичиков своей жизни».

Цель: объяснить учащимся важность выбора профессии, помочь им осознанно подойти к выбору будущей специальности и повысить интерес к профессиональной деятельности.

В ходе круглого стола учащимся рассказали о важности учета личных способностей и интересов при выборе профессии, необходимости изучения востребованных на рынке труда специальностей и постановки конкретных целей на будущее. Учащиеся поделились своими мыслями и обменялись мнениями о выбранных ими профессиях.

Кроме того, было отмечено, что правильно выбранная профессия открывает путь к жизненным успехам и что каждая профессия занимает особое место в обществе.

От admin