«Каникулда кітап оқимыз» марафоны
9 қазан күні М. Русаков атындағы мектеп-интернатының кітапханасында 5-сынып оқушыларына арналған «Каникулда кітап оқимыз» марафоны туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараны Жумабекова Ардақ Мейрамовна ұйымдастырып, оқушыларға марафонның мақсаты мен талаптарын түсіндірді. Оқушыларға каникул уақытын тиімді пайдаланып, кітап оқуға, көркем әдебиетке қызығушылығын арттыруға және бос уақытын пайдалы өткізуге шақырылды.
Марафонға қатысу арқылы оқушылар оқыған кітаптары мен белсенділіктерін көрсетіп, ақшалай және басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып алуға мүмкіндік алады. Бұл жоба балаларды кітап оқуға ынталандырып қана қоймай, олардың білімін толықтырып, ой-өрісін кеңейтуге бағытталған.
📚 Кітап оқу – білімге бастар жол!
✨ Каникулды кітаппен бірге өткізіп, жүлдеге ие бол!
Марафон «Читаем книги на каникулах»
9 октября в библиотеке школы-интерната имени М. Русакова для учащихся 5-х классов была проведена разъяснительная работа по марафону «Читаем книги на каникулах».
Мероприятие организовала Жумабекова Ардак Мейрамовна. Учащимся были разъяснены цели, условия и правила участия в марафоне. Ребят призвали с пользой провести время на каникулах, больше читать художественную литературу, расширять кругозор и повышать интерес к чтению.
Участие в марафоне даёт школьникам возможность проявить свою активность, читать книги и выиграть денежные и другие ценные призы. Проект направлен на повышение интереса детей к чтению, развитие их кругозора и организацию полезного досуга во время каникул.
📚 Чтение книг — путь к знаниям!
✨ Проведи каникулы с книгой и получи шанс выиграть ценные призы!
