Оқушылардың денсаулығы — басты назарда!
22-23 қыркүйек күндері «Ғибрат» жастар орталығы мамандарының қатысуымен оқушылардың денсаулығын сақтау және аурулардың алдын алу тақырыбында кездесу өтті.
👩⚕️ Педиатр-дәрігер Кульжанова Ардақ Сагижановна оқушылардың дұрыс тамақтануы, жіті респираторлық вирустық инфекциялардың (ЖРВИ) алдын алу және емдеу жолдары туралы ақпарат берді. Сондай-ақ Манту сынамасының және адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы екпенің маңызын түсіндірді.
💬 Психолог Галимова Аяулым Ерланқызы «Кәмелетке толмағандарға энергетикалық сусындарды сатуды шектеу керек пе?» тақырыбында пікірсайыс өткізді. Жақтаушы және даттаушы топтар өз ұстанымдарын дәлелдеп, денсаулыққа әсер ететін таңдау мен жеке жауапкершілік мәселелерін талқылады.
🤝 «Ғибрат» жастар орталығының мамандарына ынтымақтастығы мен жас ұрпақтың денсаулығына көңіл бөлгені үшін алғыс білдіреміз!
#Ғибрат #ОқушыларДенсаулығы #ДұрысТамақтану #АурудыңАлдынАлу #Пікірсайыс
