Бүгін мектебімізде кітапханашы Анитова С.А. және аға тәлімгер Керимбекова Р.А. ұйымдастыруымен оқушылар арасында «Кітабыңды құрметте, кітап ұста кірлетпе» тақырыбында тексеріс және ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараның мақсаты – оқушыларға кітап пен оқулықтарды ұқыпты әрі таза ұстаудың маңыздылығын түсіндіру, кітапқа деген жауапкершілікті арттыру, оқушылардың кітапхана мәдениетін қалыптастыру және оқу құралдарын сақтап пайдалануға тәрбиелеу.

Тексеріс барысында оқушылардың оқулықтарды күтіп ұстауы, сыртқы қаптамасының және кітап беттерінің тазалығы, жыртылған немесе бүлінген беттердің бар-жоғы қаралды. Оқушыларға кітаптарды пайдалану және сақтау ережелері бойынша қажетті ақпарат берілді.

Сегодня в нашей школе библиотекарем Анитовой С.А. и старшей вожатой Керимбековой Р.А. среди учащихся была проведена проверка и информационно-разъяснительная работа на тему «Уважай книгу, не загрязняй книгу».
Цель мероприятия – разъяснить учащимся важность бережного и аккуратного отношения к книгам и учебникам, повысить ответственность за сохранность книг, сформировать культуру пользования библиотекой и воспитать бережное отношение к учебным материалам.

В ходе проверки было обращено внимание на состояние учебников учащихся: аккуратность внешней обложки, чистоту страниц, наличие порванных или повреждённых страниц. Учащимся была предоставлена необходимая информация о правилах пользования и хранения книг.

От admin