Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен 2026 жылдың 19 қазан мен 19 қараша аралығында мектеп кітапханаларына арналған «Кітапхана, сауаттылық және жасанды интеллект» айлығы аясында 16 қараша күні мектеп кітапханасында 5-сынып оқушылары арасында «ЖИ және менің сүйікті кітабым» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Шығармашылық жұмыстарында оқушылар өздерінің сүйікті кітаптары туралы әсерлерімен бөлісіп, шығарманың мазмұны, кейіпкерлері мен оқиғаларына тоқталды. Сонымен қатар кітап оқу барысында алған әсерлерін, өз ойлары мен сезімдерін эссе түрінде жеткізді.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орынға Кубарев Ярослав ие болды. Ал Нигматуллин Назим, Махмутов Дамир және Кубарева Ангелина алғыс хаттармен марапатталды.
Осындай шығармашылық іс-шаралар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп қана қоймай, сауатты жазу, өз ойын жүйелі әрі көркем жеткізу дағдыларын дамытуға, сондай-ақ кітап оқуға және көркем әдебиетке деген шынайы сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.
Өйткені әрбір оқылған кітап – жаңа бір жаңалық, тағылымды сабақ және адамды өзіне баурайтын тұтас бір ғажайып әлем!

В рамках месячника «Библиотека, грамотность и искусственный интеллект», организованного Республиканской научно-педагогической библиотекой Министерства просвещения Республики Казахстан с 19 октября по 19 ноября 2026 года для школьных библиотек, 16 ноября в школьной библиотеке состоялся конкурс эссе «ИИ и моя любимая книга» среди учащихся 5-х классов.
В своих творческих работах школьники поделились впечатлениями о любимых книгах, рассказали об их содержании, героях и событиях. Ребята выразили собственные мысли и чувства, вызванные прочитанными произведениями.
По итогам конкурса призовое место занял Кубарев Ярослав. Нигматуллин Назим, Махмутов Дамир и Кубарева Ангелина были награждены благодарственными письмами.
Такие творческие мероприятия расширяют кругозор учащихся, развивают навыки грамотного письма, умение последовательно и выразительно излагать свои мысли, а также укрепляют интерес к чтению и любовь к художественной литературе.
Ведь каждая прочитанная книга — это новое открытие, поучительный урок и целый удивительный мир, который увлекает за собой!

От admin