17 қыркүйек күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың рухани дүниесін байыту және кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау мақсатында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында оқушылармен кездесу өтті. Кездесу барысында Жумабекова А.М. оқушыларға жобаның мақсаты мен міндеттері кітап оқудың адам тұлғасын қалыптастырудағы рөлі туралы толық ақпарат берді. Кітап оқу арқылы оқушының ой-өрісі кеңейіп, сөздік қоры молайып, өз ойын еркін жеткізу қабілеті қалыптасатыны айтылды. Сонымен қатар оқушыларды жүйелі түрде кітап оқуға, әдеби шығармалармен жақынырақ танысуға шақырды.
Шараның жалғасы ретінде мектебімізге қалалық орталықтанған кітапхананың 3 филиалынан арнайы кітапхана меңгерушісі келіп оқушылармен қызықты кездесу ұйымдастырды. Қонақтар балаларды әдеби шығармалар әлеміне жетелеп, кітап кейіпкерлері әлемінде атты танымдық іс шара өткізді
Бүгінгі кездесу оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлап қана қоймай, олардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақты кітап оқуға баулып, білімге, ізденіске рухани құндылыұтарды құрметтеуге тәрбиелейді.
17 сентября в библиотеке школы-интерната имени Михаила Русакова в рамках проекта «Читающая нация» состоялась встреча с учащимися, направленная на повышение интереса школьников к чтению, обогащение их духовного мира и пропаганду значимости книги в жизни человека.
В ходе встречи Жумабекова А.М. подробно рассказала учащимся о целях и задачах проекта, а также о роли чтения в формировании личности человека. Было отмечено, что благодаря чтению расширяется кругозор учащегося, обогащается словарный запас и формируется способность свободно выражать свои мысли. Кроме того, учащихся призвали регулярно читать книги и ближе знакомиться с литературными произведениями.
В продолжение мероприятия в нашу школу пришла заведующая 3- го филиала городской централизованной библиотечной системы и организовала для учащихся интересную встречу. Дети погрузились в увлекательный мир литературных произведений и провели познавательное мероприятие «В мире литературных героев».
Сегодняшняя встреча не только подарила учащимся хорошее настроение, но и способствовала повышению их интереса к книгам. Такие содержательные и познавательные мероприятия приобщают подрастающее поколение к чтению, воспитывают стремление к знаниям и поиску нового, а также уважение к духовным ценностям.
