14 сәуір күні әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Жарқын болашақ” республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданың мақсаты мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени,әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту. Аталмыш олимпиада 5 бағытты қамтыды. “Сөз шеберлері” бағыты бойынша 10 “А” сынып оқушысы Талгатова Мерей қатысып жүлделі ІІІ орынды, “Жас қаламгер” бағыты бойынша 11 “А” сынып оқушысы Разакова Замира жүлделі І орынды иеленді. “Бейнелеушілер” бағытына қатысқан 9 “Ә” сынып оқушысы Бауыржанова Жансая мен “Әнші бұлбұлдар” бағыты бойынша қатысып бағын сынаған 7 “А” сынып оқушысы Сансызбайқызы Гүлім сертификатпен марапатталды. Оқушыларымызды жеңістерімен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

14 апреля в общеобразовательной школе имени аль-Фараби прошел городской этап республиканской олимпиады по казахскому языку «Жарқын болашақ». Целью олимпиады является расширение сферы использования государственного языка, широкая пропаганда культурных, литературных и духовных сокровищ казахского народа, развитие творческих способностей учащихся, любознательных способностей, культурного мировоззрения. Эта олимпиада включала в себя 5 направлений. По направлению «Сөз шеберлері» приняла участие Талгатова Мерей, ученица 10 «А» класса, и заняла ІІІ место, а Разакова Замира, ученица 11 «А» класса, заняла І место в номинации «Жас қаламгер». Сертификатами отмечены Бауыржанова Жансая, учащаяся 9 “Ә” класса, участвовавшая в номинации «Бейнелеушілер», и Сансызбай Гулим, ученица 7 “А” класса, участвовавшая в номинации «Әнші бұлбұлдар». ПОЗДРАВЛЯЕМ наших ребят с победой!

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *