16 қараша күні «Өнегелі өмір» жобасы аясында 9-сынып оқушылары үшін Қарағанды өңірінің ақыны, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Шабыт» шығармашылық жастар фестивалінің лауреаты, Республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы – Қайрат Асқармен онлайн кездесу өткізілді.

Мақсаты: Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Кездесу барысында Қайрат Асқар өз шығармашылығы жайлы мәліметтерді ортаға салды. Ақындықтың қырының қыр-сыры айтылып, поэзия туралы терең әңгімелер өрбіді. Сұхбат барысында ақын өзінің өмір жолынан, өзінің оқушы болған балалық шағынан түрлі мысалдарды ортаға салып, оқушыларға әсерлі әңгіме айтты. 9-сынып оқушылары тарапынан сұрақтар қойылды.

16 ноября в рамккх проекта «Өнегелі өмір» для учащихся 9-х классов организована онлайн встреча с поэтом Карагандинского региона, членом Союза писателей Казахстана, лауреатом фестиваля творческой молодежи «Шабыт», победителем Республиканских поэтических сочинений – Кайратом Аскаром.

Цель: Способствовать чтению стихов наших поэтов, пользующихся популярностью у народа, прививать подрастающему поколению их нравственный образ жизни, повышать у молодежи интерес к чтению книг, повышать любовь к своей стране и земле.

В ходе встречи Кайрат Аскар представил информацию о своем творчестве. Обсуждались тонкости поэзии. В ходе интервью поэт привел разные примеры из своей жизни, из своего детства. Учащиеся 9-х классов задавали вопросы.

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *