26 желтоқсан күні Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында ата-аналармен ZOOM сервисі арқылы «Директор сағаты» өткізілді. Кездесу барысында әлеуметтік педагог А. Катенова слайд-таныстырылым арқылы қысқы каникул кезінде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау, электронды темекі мен вейптың денсаулыққа зияны, терроризм актісі туралы жалған хабарлама жасағандарға қандай жаза қолданылатыны туралы, электр техникалық құрылғыларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жайында ақпараттар берді. Мектеп директоры П. Жамшыбаева ақпаратты толықтыра отырып, алда келе жатқан мерекелік демалыс күндерінде оқушылардың ата-анасының қарауынсыз қалмауы, қысқы каникулдағы іс-шаралардың ұйымдастырылуы. Жаңа жылдық іс-шаралар мен ертеңгіліктердің ұйымдастырылуы туралы сөз қозғады. Жиналыс соңында ата-аналар сұрақ қойып, кері байланыс жасады.
26 декабря с родителями проведена встреча в формате «Час директора» посредством облачного сервиса ZOOM. В ходе встречи социальный педагог А. Катенова через слайдовый материал предоставила информацию о профилактике правонарушений и соблюдении правил безопасности среди подростков во время зимних каникул, о вреде электронных сигарет и вейп, какое наказание применяется к тем, кто сообщает заведомо ложные сообщения о терактах, о соблюдении правил пожарной безопасности при использовании электротехнических устройств. Директор школы П. Жамшыбаева в дополнении к сказанному, отметила что в предстоящие каникулы ученики не должны оставаться без присмотра родителей, а также о необходимости организации досуга в зимние каникулы, участие в мероприятиях. Также шла речь об организации новогодних мероприятий и утренников. По окончании встречи родители сделали обратную связь, задавали вопросы.