«Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-де аға тәлімгер Керімбекова Р.А.-ның ұйымдастыруымен оқушыларға арналған «Досы көпті жау алмайды» атты қызықты тренинг өткізілді.
Тренингтің басты мақсаты – оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, бір-біріне деген сыйластықты, мейірімділік пен өзара түсіністікті қалыптастыру, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Іс-шара барысында мектеп парламентінің қыздары белсенділік танытып, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысты. Олар түрлі қызықты тапсырмалар мен ойындар арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып, барлығын белсенді қатысуға жұмылдырды.

В КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» под организацией старшей вожатой Керимбековой Р.А. для учащихся был проведён увлекательный тренинг на тему «Кого много друзей, того враги не одолеют».
Главная цель тренинга — укрепление дружеских отношений между учащимися, формирование взаимного уважения, доброты и взаимопонимания, воспитание сплочённости и дружелюбия.
В ходе мероприятия активное участие приняли девочки школьного парламента, которые внесли свой вклад в организацию тренинга. С помощью интересных заданий и увлекательных игр они смогли заинтересовать учащихся и вовлечь всех в активную деятельность.

От admin