«Адал азамат» бағдарламасы аясында 13 қараша күні арнайы педагог О. Ю. Бубнова ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға арналған «Барлық мамандық қажет, барлық мамандық маңызды» атты түзету-дамыту сабағын өткізді.
Бұл сабақтың мақсаты – оқушылардың әртүрлі мамандықтар, оларда қолданылатын құрал-жабдықтар және мамандықтардың жалпы маңызы туралы түсініктерін нақтылау, кеңейту және жүйелеу болды.

Сабақ оқушылардың жеке білім беру қажеттіліктеріне бейімделіп, қолжетімді әрі қызықты ойын түрінде ұйымдастырылды.
Сабақ соңында оқушылар мұғаліммен бірлесе отырып, маңызды қорытындыға келді: барлық мамандықтар маңызды әрі өзара тығыз байланысты, ал әр адамның адал еңбегі өмірімізді жақсарта түседі және қолайлы етеді. Балалар үлкен қызығушылық танытып, белсенді әрі эмоционалды түрде қатысты, сондай-ақ берілген тапсырмалардың барлығын сәтті орындап шықты. Сабақ алдына қойылған мақсаттар мен міндеттер толықтай орындалды.

В рамках программы «Адал азамат» 13 ноября дефектологом Бубновой О.Ю. было проведено коррекционно-развивающее занятие для учащихся с ООП «Все профессии нужны, все профессии важны».
Целью данного мероприятия было уточнение, расширение и систематизация представлений учащихся о профессиях, орудиях труда и их значимости.

Занятие прошло в доступной, увлекательной игровой форме с учетом индивидуальных образовательных потребностей учащихся.
В завершение занятия учащиеся совместно с педагогом сделали главный вывод: все профессии важны и взаимосвязаны, а добросовестный труд каждого человека делает нашу жизнь лучше и комфортнее. Дети проявили высокую заинтересованность, эмоциональную отзывчивость и успешно справились со всеми предложенными заданиями. Поставленные цели и задачи занятия были достигнуты в полном объеме.

От admin