«Даланың дара ұстазы» атты танымдық кездесу
12 қазанда Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай Орталықтандырылған қалалық кітапхана №3 филиалының кітапханашылары 4-сынып оқушыларымен «Даланың дара ұстазы» атты танымдық кездесу өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың көрнекті ағартушысы, педагог, жазушы Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа кеңінен таныстыру, оның ұлт болашағы үшін атқарған еңбегін насихаттау, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Оқушылар ұлы ағартушының шығармаларымен танысып, өз ойларын ортаға салып, қойылған сұрақтарға белсенді жауап берді. Танымдық кездесу барысында балалар Ыбырай атамыздың өнегелі өмірінен үлгі алып, білімнің, еңбектің және адамгершіліктің маңызын түсінді.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың рухани дүниесін байытып, кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыруға және ұлттық құндылықтарды құрметтеуге ықпал етеді.
Ұлы ұстаздың қалдырған мұрасы – ұрпаққа мәңгілік өнеге!

Познавательная встреча «Великий учитель степи»
12 октября в школе-интернате имени Михаила Русакова библиотекари филиала №3 Централизованной городской библиотеки провели познавательную встречу с учащимися 4-го класса, посвящённую 185-летию со дня рождения великого казахского просветителя, педагога и писателя Ыбырая Алтынсарина. Тема встречи – «Великий учитель степи».
Основной целью мероприятия стало знакомство школьников с жизнью и творчеством Ыбырая Алтынсарина, популяризация его богатого педагогического и литературного наследия, воспитание уважения к знаниям, книге и национальным ценностям.
Учащиеся с интересом слушали рассказ библиотекарей, знакомились с произведениями писателя, активно отвечали на вопросы и делились своими впечатлениями. Встреча помогла ребятам понять значение образования, трудолюбия, доброты и нравственных качеств в жизни человека.
Подобные мероприятия способствуют духовно-нравственному воспитанию подрастающего поколения, развитию интереса к чтению и сохранению культурного наследия казахского народа.
Наследие великого учителя – бесценное духовное богатство для будущих поколений!

От admin