Республика күні – елдігімнің белгісі,
Туған елім – жүрегімнің өрнегі!
20 қазан күні мектебімізде 1–4 сынып оқушыларының қатысуымен «Республика күні – елдігімнің белгісі» атты танымдық сағаты өтті.
✨ Тәрбиешілер А.М. Жумабекова мен А.М. Омарова ұйымдастырған іс-шара балаларға ұлттық мерекенің мәнін ұғындырып, туған елге деген сүйіспеншілігін білдіруге мүмкіндік берді. Оқушылар Республика күнінің маңызы туралы мағлұмат алып, Қазақстанға деген мақтаныш сезімдерімен бөлісті.
Кішкентай жүректерден шыққан ақ тілектер мен Отанға деген ыстық ықылас кездесуге ерекше жылылық сыйлады. Туған жерді аялау, мемлекеттік рәміздерді қастерлеу, ел бірлігін бағалау – тәрбие сағатының негізгі арқауы болды.
Іс-шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А. Махмутова қатысты.
💙 Бірлігіміз бекем болсын,
Көк туымыз биік болсын!
Туған елдің әрбір таңы
Жақсылыққа толы болсын!
#РеспубликаКүні #ЕлдігімніңБелгісі #25Қазан #АдалАзамат #RepublicDayKazakhstan #Республикакүні
День Республики — символ единства,
Родной Казахстан — наша гордость и сила!
20 октября в нашей школе прошёл познавательный час «День Республики — символ нашей государственности» для учащихся 1–4 классов.
✨ Воспитатели А.М. Жумабекова и А.М. Омарова помогли ребятам раскрыть смысл национального праздника и выразить любовь к родной стране. Школьники узнали о значении Дня Республики и поделились чувством гордости за Казахстан.
Искренние пожелания и тёплые слова детей наполнили встречу особой атмосферой. Любовь к родной земле, уважение к государственным символам и сохранение единства стали главными темами познавательного часа.
На мероприятии присутствовала заместитель директора по воспитательной работе Д.А. Махмутова.
💙 Пусть над страной сияет свет,
Пусть будет мир на много лет!
Пусть наш Казахстан процветает,
А каждый ребёнок о счастье мечтает!
#ДеньРеспублики #25Октября #Казахстан #АдалАзамат #RepublicDayKazakhstan #Республикакүні
