2026 жылғы 19 қазанда «Құтқарушы күні» кәсіби мерекесі аясында Балқаш қаласындағы Хамзин атындағы мәдениет үйінің алаңында Балқаш гарнизонының Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің күштері мен құралдарының көрмесі ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға 9-сынып оқушылары,  кәсіптік бағдар беруші педагогтің жетекшілігімен қатысты.                  Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтық қорғау органдарының қызметін кеңінен таныстыру, құтқарушылар мамандығының маңыздылығын насихаттау, өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ оқушылардың теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде толықтыру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт-бағдар беру. Көрме барысында оқушылар Балқаш гарнизонының Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің арнайы техникасымен, құтқару құрал-жабдықтарымен және төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын жабдықтармен танысты. Азаматтық қорғау саласы қызметкерлерінің күнделікті атқаратын жұмысы, олардың кәсіби міндеттері мен адам өмірін сақтаудағы жауапкершілігі туралы мағлұмат алды. Мұндай танымдық іс-шаралар оқушылардың төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы білімдерін кеңейтіп қана қоймай, батылдық, жауапкершілік, тәртіптілік және отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар құтқарушы мамандығына қызығушылық танытқан оқушыларға осы саладағы кәсіби мүмкіндіктер туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді. Көрме жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, мамандықтар әлемі туралы танымын кеңейтуге және болашақ кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған маңызды тәрбиелік іс-шара болды.

От admin