«Берекелі алтын күз»: шығармашылық, еңбек және бірлік мерекесі!
16 қазан күні мектебіміздің алаңында «Алтын күз Fest – 2026» мерекесі өтті. Күзгі нақыштағы безендірулер, оқушылардың қолөнер туындылары мен «Күзгі асар» жәрмеңкесі мектеп алаңына ерекше сән берді.
🎨 Бастауыш сынып оқушылары көкөністер мен жеміс-жидектерден жасалған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Балалардың қиялы мен ізденісі күз сыйын қызықты кейіпкерлер мен ерекше бұйымдарға айналдырды.
🌿 5–7 сынып оқушылары табиғи материалдардан құстың ұясы мен түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, өз жұмыстарын таныстырды. Әр туындыдан табиғатқа қамқорлық пен ұқыпты еңбектің белгісі көрінді.
🍎 8–11 сынып оқушылары ұйымдастырған «Күзгі асар» жәрмеңкесі мерекенің ажарын аша түсті. Әсем безендірілген жәрмеңке орындары мен күз өнімдері көпшіліктің назарын аударды. Оқушылар өз еңбегін ұсынуды, бірлесе жұмыс істеуді және жауапкершілікті бөлісуді тәжірибе жүзінде көрсетті.
🍂 Күз тақырыбына сай киімдер мерекелік көңіл күйді толықтырды. Бұл күн балалар үшін өнерін танытып, еңбегінің қуанышын бірге бөлісетін жылы естелікке айналды.
💛 Мерекеге атсалысқан оқушыларға, қолдау білдірген ата-аналарға және ұйымдастырған ұстаздарға алғыс айтамыз! Күздің берекесі — ортақ еңбекте, мерекенің сәні — бірлікте!
БерекеліАлтынКүз #АлтынКүзFest2026 #КүзгіАсар #МектепӨмірі #АдалАзамат
«Щедрая золотая осень»: праздник творчества, труда и единства!
16 октября на школьной площадке состоялся праздник «Алтын күз Fest – 2026». Осеннее оформление, творческие работы учащихся и ярмарка «Күзгі асар» создали тёплую праздничную атмосферу.
🎨 Ученики начальных классов представили поделки из овощей, фруктов и ягод. Благодаря детской фантазии дары осени превратились в забавных персонажей и необычные композиции.
🌿 Учащиеся 5–7 классов изготовили птичьи гнёзда и различные поделки из природных материалов, а затем представили свои работы. В каждой из них нашли отражение забота о природе, старание и творческий подход.
🍎 Осенняя ярмарка «Күзгі асар», организованная учащимися 8–11 классов, стала особой частью праздника. Красиво оформленные прилавки и осенние угощения привлекали внимание гостей. Ребята смогли представить результаты своего труда, проявить самостоятельность и умение работать сообща.
🍂 Наряды в осеннем стиле дополнили настроение праздника. Этот день подарил детям возможность показать свои таланты и разделить радость совместного творчества.
💛 Благодарим учеников за активное участие, родителей — за поддержку, а педагогов — за организацию! Щедрость осени — в плодах труда, а красота праздника — в нашем единстве!
