«MY FAMILY» – ҚАЛАЛЫҚ АШЫҚ САБАҚ 👨‍👩‍👧‍👦💫
📅 2026 жылғы 14 қазан күні «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ базасында ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Мұғиын Мадина Төлтайқызы 4 «Ә» сынып оқушыларымен «My family» тақырыбында қалалық ашық сабақ өткізді.
🎯 Сабақтың мақсаты – оқушылардың отбасы мүшелеріне қатысты ағылшын тіліндегі сөздік қорын кеңейту, сөйлеу дағдыларын дамыту және отбасы құндылықтарын дәріптеу.
🌟 Сабақ барысында оқушылар «Family Detective», «AI Mission», «Family Tree» сияқты қызықты тапсырмаларды орындап, жұптық және топтық жұмыстарға белсене қатысты.
💡 Заманауи оқыту әдістері, жасанды интеллект элементтері мен интерактивті тапсырмалар сабақтың мазмұнын байытып, оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырды.
❤️ Сабақ соңында оқушылар отбасы бақытының негізі – сүйіспеншілік, қамқорлық, мейірімділік пен сыйластық екенін түсініп, өз ойларын ортаға салды.
✨ «My family» – ағылшын тілін үйрену мен отбасылық құндылықтарды ұштастырған әсерлі сабақ!

От admin