Мектебімізде мектеп парламенті ұйымының ұйымдастыруымен буллингтің алдын алу және достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында «Дос болайық!» атты қызықты іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар мектеп тақтасын безендіріп, бір-біріне және ұстаздарға ізгі тілектерін жазып қалдырды. Сонымен қатар қатысушылардың көңіл күйін көтеру, жағымды эмоциялар сыйлау мақсатында қызықты тренинг ұйымдастырылды. Оқушылар белсенділік танытып, бір-біріне жылулық пен көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Мақсаты: Оқушылар арасында буллингтің алдын алу, достық пен сыйластықты насихаттау, мейірімділік пен өзара қолдау құндылықтарын қалыптастыру. Мектепте жағымды психологиялық ахуал орнатып, әр оқушының өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуіне ықпал ету.

В нашей школе по инициативе школьного парламента было проведено интересное мероприятие под названием «Давайте дружить!», направленное на профилактику буллинга и укрепление дружеских отношений между учащимися.

В ходе мероприятия учащиеся украсили школьную доску и оставили друг другу и учителям добрые пожелания. Кроме того, для поднятия настроения и создания положительных эмоций был организован интересный тренинг. Учащиеся проявили активность, подарили друг другу тепло, доброту и хорошее настроение.

Цель мероприятия: профилактика буллинга среди учащихся, пропаганда дружбы и взаимоуважения, формирование таких ценностей, как доброта, взаимопомощь и поддержка. Создание благоприятного психологического климата в школе и содействие тому, чтобы каждый ученик чувствовал себя в безопасности и комфортно.

От admin