«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ»
22 қыркүйек күні мектебімізде 9–11 сынып оқушыларына арналған «Заң және тәртіп – қоғам тірегі» тақырыбында TEDx форматындағы құқықтық кездесу өтті.
Іс-шараны І.Т. Жаксыгелдин және С.Қ. Хамитова ұйымдастырып, оқушылармен құқықтық сауаттылық, қоғамдық тәртіп пен жеке жауапкершілік мәселелері төңірегінде мазмұнды пікір алмасты.
Шара барысында «Жас заңгерлер» бағыты аясында вандализм, құқық бұзушылық және олардың құқықтық салдары туралы түсіндіріліп, нақты жағдаяттар талқыланды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына жауап алып, заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы жөнінде пікірлерімен бөлісті.
Кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрметпен қарауға, қоғамдық тәртіпті сақтауға және әрбір іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
#ЗаңЖәнеТәртіп #АдалАзамат #ҚұқықтықСауаттылық #ЖасЗаңгер #ҚұқықБұзушылықтыңАлдынАлу
«ЗАКОН И ПОРЯДОК – ОПОРА ОБЩЕСТВА»
22 сентября в нашей школе состоялась правовая встреча в формате TEDx на тему «Закон и порядок – опора общества» для учащихся 9–11 классов.
Мероприятие организовали И.Т. Жаксыгелдин и С.К. Хамитова. Вместе с учащимися они обсудили вопросы правовой грамотности, общественного порядка и личной ответственности.
В ходе мероприятия в рамках направления «Юные юристы» учащимся рассказали о вандализме, правонарушениях и их правовых последствиях, а также разобрали конкретные ситуации. Ребята активно участвовали в обсуждении, задавали интересующие их вопросы и делились своим мнением о важности соблюдения закона.
Основная цель встречи – повышение правовой грамотности подростков, формирование уважительного отношения к закону, стремления соблюдать общественный порядок и ответственно относиться к своим поступкам.
#ЗаконИПорядок #АдалАзамат #ПравоваяГрамотность #ЮныеЮристы #ПрофилактикаПравонарушений
