«ЕЛ БОЛАШАҒЫ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ»
1 қыркүйек – Білім күніне орай мектебімізде «Ел болашағы – білімді ұрпақ»*тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы – әр оқушы үшін жаңа мақсаттар мен тың бастамалардың бастауы. Салтанатты жиында мектеп директоры П.С. Жамшыбаева барша оқушыларды, ұстаздар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім алушыларға оқуда табыс, биік белестер мен жарқын жетістіктер тіледі.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндер үшін бұл күн ерекше әсерлі әрі есте қаларлық сәтке айналды. Ал мектеп бітіруші түлектер үшін жаңа оқу жылы – үлкен өмірге бастар маңызды кезеңнің бастауы.
Білім күні аясында мектептің барлық сыныптарында «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі»тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызы, заңға құрметпен қарау, азаматтық жауапкершілік, отансүйгіштік және әр азаматтың ел дамуына қосар үлесі туралы түсінік берілді. Сонымен қатар білімді, адал, жауапты, елінің болашағына бейжай қарамайтын азамат болып қалыптасудың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Білімді де саналы ұрпақ – еліміздің жарқын болашағы. Жаңа оқу жылы әр оқушыға жаңа білім мен толағай жетістіктер, ұстаздарға шығармашылық табыс пен жемісті еңбек, ал әр шаңыраққа қуаныш пен береке әкелсін!
🔔 Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәттілікке толы болсын!
#1Қыркүйек #БілімКүні #ЕлБолашағыБілімдіҰрпақ #ҚазақстанКонституциясы #АдалАзамат #БірыңғайСыныпСағаты #ЖаңаОқуЖылы #Мектеп
1 сентября, в День знаний, в нашей школе состоялась торжественная линейка на тему «Ел болашағы- білімді ұрпақ!».
Первый звонок нового учебного года – это начало новых целей, стремлений и возможностей для каждого ученика. На торжественной линейке директор школы П.С. Жамшыбаева поздравила учащихся, педагогов и родителей с началом нового учебного года, пожелав школьникам успехов в учёбе, новых достижений и покорения новых вершин.
Особенно волнительным и запоминающимся этот день стал для первоклассников, впервые переступивших порог школы. А для выпускников новый учебный год стал началом важного этапа на пути во взрослую жизнь.
В рамках Дня знаний во всех классах школы прошли единые классные часы на тему «Қазақстан Республикасының Конституциясы: Адал азамат, зерделі ұлт және жауапты қоғам қалыптастырудың негізі».
В ходе классных часов учащиеся говорили о значении Конституции Республики Казахстан, уважении к закону, гражданской ответственности, патриотизме и роли каждого гражданина в развитии страны. Особое внимание было уделено важности формирования образованного, честного и ответственного поколения, которому небезразлично будущее своей страны.
Образованное и сознательное поколение – залог светлого будущего нашей страны. Пусть новый учебный год принесёт каждому ученику новые знания и большие достижения, педагогам – творческие успехи и плодотворную работу, а каждой семье – радость и благополучие!
🔔 *С Днём знаний! Пусть новый учебный год будет успешным и плодотворным!*
#1Сентября #ДеньЗнаний #БудущееСтраныОбразованноеПоколение #КонституцияРК #ЧестныйГражданин #ЕдиныйКлассныйЧас #НовыйУчебныйГод #Школа
