Бүгін, 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектебіміз жанынан дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Болашақ» жазғы балалар демалыс орталығының салтанатты ашылуы болып өтті.
Мерекелік шара балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жарқын әсерлерге толы болды. Іс-шара барысында қызықты ойындар мен эстафеталар ұйымдастырылып, түрлі спорттық жарыстар өткізілді. Балалардың қуанышын еселей түсу үшін сүйікті ертегі және мультфильм кейіпкерлері келіп, олармен бірге би билеп, ойындарға қатысты.
Мереке барысында бүлдіршіндерге тәттілер, балмұздақтар мен тәтті сусындар таратылып, балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің басты көрінісіне айналды.
Осы игі шараның жоғары деңгейде өтуіне демеушілік қолдау көрсеткен жеке кәсіпкер
Р. Каленоваға, қаламыздағы «Халық банк» өкілдеріне және TOKRAU.BALKHASH компаниясына шынайы алғысымызды білдіреміз.
Сонымен қатар, оқушыларымыз қалалық «Балалық шақ қаласы – болашақ аумағы» атты мерекелік іс-шараға қатысып, түрлі шығармашылық және танымдық жобалармен танысты. Балалар қызықты көрмелерді тамашалап, жаңа идеялармен сусындап, өздерінің білім көкжиегін кеңейтті.
Балалардың жарқын болашағы үшін ұйымдастырылған осындай игі бастамалар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілеттерінің артуына және жазғы демалысты тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік береді.
Барша бүлдіршіндерді Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалық шақтары бақытқа, қуанышқа және жарқын жетістіктерге толы болсын!
Сегодня, 1 июня, в честь Международного дня защиты детей на базе нашей школы состоялось торжественное открытие традиционного летнего детского оздоровительно-досугового центра «Болашақ».
Праздничное мероприятие подарило детям море положительных эмоций, радости и незабываемых впечатлений. В программе праздника были организованы увлекательные игры, веселые эстафеты, спортивные соревнования и различные развлекательные конкурсы. Особый восторг у ребят вызвало появление любимых сказочных и мультипликационных персонажей, которые вместе с детьми участвовали в играх, танцах и праздничной программе.
В течение мероприятия детям были вручены сладости, мороженое и прохладительные напитки. Искренние улыбки, счастливые глаза и звонкий детский смех стали главным украшением этого замечательного дня.
Выражаем искреннюю благодарность за оказанную спонсорскую поддержку индивидуальному предпринимателю Р. Каленовой, представителям «Народного банка» города, а также компании TOKRAU.BALKHASH. Благодаря вашей поддержке праздник получился ярким, добрым и по-настоящему незабываемым для наших детей.
Кроме того, учащиеся нашей школы приняли участие в городском праздничном мероприятии «Город детства – территория будущего», где познакомились с интересными творческими, образовательными и познавательными проектами. Ребята посетили тематические площадки, выставки и мастер-классы, получили новые знания, вдохновение и яркие впечатления.
Подобные мероприятия способствуют всестороннему развитию подрастающего поколения, раскрытию творческого потенциала детей и организации содержательного летнего отдыха.
Поздравляем всех детей с Международным днем защиты детей! Пусть детство каждого ребенка будет счастливым, беззаботным, наполненным радостью, добром, яркими открытиями и новыми достижениями!
