2026 жылғы 8 мамыр күні «Заң және тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында, сондай-ақ жазғы маусымның басталуына байланысты мектепте балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған «Қауіпсіз жаз – 2026» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.
Іс-шара барысында сынып жетекшілері оқушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көшеде, аулада, жолдан өту кезінде, сондай-ақ велосипед, самокат және басқа да жеке қозғалыс құралдарын пайдалану барысында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салды. Оқушыларға жазғы демалыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауда жеке жауапкершілік танытып, әрдайым мұқият әрі тәртіпті болу керектігі түсіндірілді.
#Құқықтық_тәрбие
#Заң_және_тәртіп
#Адал_азамат
#@balgash_galasy_bilim_bolimi
#balqaahpoliciasy
#ҚауіпсізЖол

 

 

От admin

Добавить комментарий