8 мамыр күні М.Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында Ұлы Жеңіс күніне орай ұйымдастырылған «Ерлікке тағзым, болашаққа аманат» атты кітап көрмесімен оқушылар таныстырылды. Көрмеге соғыс жылдарындағы батырлар ерлігі, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі, тарихи оқиғалар мен ардагерлер өмірі туралы кітаптар қойылды. Кітапханашы оқушыларға әрбір кітаптың мазмұнына қысқаша тоқталып, Отан үшін жанын қиған батырлардың ерлігін дәріптеді.
Шараның мақсаты – жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, тарихи жадыны жаңғырту және бейбіт өмірдің қадірін түсіндіру. Оқушылар көрмеге қызығушылық танытып, өз ойларымен бөлісіп, батырлар ерлігіне тағзым етті.
8 мая в библиотеке школы-интерната имени М. Русакова состоялось знакомство учащихся с книжной выставкой «Ерлікке тағзым, болашаққа аманат», организованной ко Дню Великой Победы. На выставке были представлены книги о героизме воинов в годы войны, самоотверженном труде тружеников тыла, исторических событиях и жизни ветеранов. Библиотекарь кратко рассказала учащимся о содержании каждой книги и подчеркнула подвиг героев, отдавших жизнь за Родину.
Цель мероприятия — формирование у подрастающего поколения патриотических чувств, сохранение исторической памяти и осознание ценности мирной жизни. Учащиеся проявили интерес к выставке, поделились своими мыслями и почтили подвиг героев.
