“Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты” КММ-сіндегі өлкетану мұражайының 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сай оқушылардыңрухани байлығын арттырып, туған өлкеге деген перзенттік сүйіспеншілігін қалыптастыру мақсатында өткізілген экскурсияға мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1-ші сынып оқушыларына экскурсия ұйымдастырылды. Мұражайда мектебіміздің тарих пәні мұғалімі И. Жаксыгелдин өлкенің табиғатын, халқымыздың өнері мен тұрмысынан, өткен тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін экспонаттармен таныстырып, мол мағлұмат берді. Сонымен қатар жас жеткіншектер өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, толыққанды жауаптар алды. Іс-шараның жоспарына сай келесі кезекте 1-сынып оқушыларын «Русаковшылар» қатарына қабылдау жүргізілді. Мұражай ісін жандандыруға өздерінің үлестерін қосуға сенім білдірген оқушылар тарихи құнды жәдігерлерді іздеп, тауып мұражайға өткізетіндіктерін айтты. Тәрбиелік мәні зор іс-шара соңында халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап, өлкенің өткені мен бүгінін жалғап отырған рухани орыннан тамаша әсер алған оқушылар өз әсерлерімен қуана бөлісті.
В соответствии с планом работы историко-краеведческого музея КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» на 2022-2023 учебный год для учащихся 1-х классов, только что поступивших в школу, организована экскурсия с целью повышения духовного богатства учащихся и формирование у них любви к родному краю. В музее учитель истории И. Жаксыгелдин ознакомил с природой края, искусством и бытом нашего народа, историей и культурой, с экспонатами. Ребята задавали интересующие их вопросы и получали исчерпывающие ответы. На следующем этапе мероприятия, учащиеся 1 классов были приняты в ряды «Русаковцев». В завершение образовательного мероприятия учащиеся, впечатленные духовным местом, с радостью поделились своими впечатлениями.