«Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің технология пәні мұғалімі Мұқанова М.Б мектебіміздегі Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылармен Ғарышкерлер күніне орай ерекше білім беруді қажет ететін оқушылар арасында сурет байқауын ұйымдастырды.   Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, қиялын ұштау және ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Бұл байқау инклюзивті білім беруді қолдау бағытында өткізіліп, әр оқушының жеке мүмкіндігі мен қабілеті ескеріліп, балаларға өз ойын еркін жеткізуге қолайлы жағдай жасалды. Сурет байқауы барысында қатысушылар «Ғарыш әлемі», «Ғарышкерлер», «Жұлдыздар мен планеталар», «Менің ғарышқа саяхатым» сияқты тақырыптарда өз ойларын сурет арқылы бейнеледі. Оқушылар түрлі түсті бояулар мен қарындаштарды қолданып, ғарыш кеңістігін өз қиялдары арқылы ерекше түрде көрсетті. Байқау нәтижесінде үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды. Бұл іс-шара балалардың өз-өзіне деген сенімін арттырып, олардың өнерге деген қызығушылығын оятуға үлкен үлес қосты.

#ҒарышкерлерКүні
#СуретБайқауы
#ЕрекшеБалалар
#ИнклюзивтіБілім
#ШығармашылықӨнер
#БалаларҚиялы
#ҒарышӘлемі

От admin

Добавить комментарий