«Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-нің 9 сынып оқушыларымен  Ә.Мусин атындағы гуманитарлы техникалық колледжінің өкілдері келіп  кәсіби бағдар беру мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында колледж мамандары оқу орнының бағыттары, мамандықтары және оқу шарттары туралы кеңінен ақпарат берді.                                              Оқушыларға колледждегі білім беру жүйесі, тәжірибелік сабақтар, өндірістік тәжірибеден өту мүмкіндіктері және болашақта жұмысқа орналасу жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, талапкерлерге қойылатын талаптар, құжат тапсыру мерзімдері мен қабылдау ережелері де таныстырылды. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, толық жауап алды. Мұндай іс-шаралар оқушылардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектесіп, олардың кәсіби бағдарын айқындауға ықпал етеді.

#кәсібибағдар
#болашақмамандық
#мектепинтернат
#Балқаш
#колледж
#оқушылар
#профориентация

От admin

Добавить комментарий