1 сәуірден бастап бірінші сыныпқа құжат қабылдау басталады
1 сәуірден бастап 2026–2027 оқу жылына балаларды 1-сыныпқа қабылдау үшін құжаттар қабылдау басталады. Өтінішті 31 тамызға дейін электронды түрде egov.kz порталы арқылы беруге болады.
1-сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының өтініші негізінде, дайындық деңгейіне қарамастан қабылданады.
Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:
* ата-анасының немесе заңды өкілдерінің өтініші;
* №065-у және №052-2/у нысандарындағы медициналық анықтамалар;
* 3×4 өлшеміндегі 2 фото.
Құжаттар дүйсенбіден жұмаға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа уақытта қабылданады.
