4- наурыз «Мен-оқырманмын, мен-Патриотпын» күні «Заманауи білім: адал азамат және кітап оқу мәдениеті» оқу сауаттылығы апталығы аясында 5-7 сынып оқушыларына арналған «Кейіпкермен сырласу» іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
• Оқушылардың қазақ тілінде оқылым және айтылым дағдыларын дамыту.
• Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, оқуға қызығушылығын арттыру.
• Мәтін мазмұнын түсініп, қарапайым деңгейде өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын адал, саналы азамат тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар белгілі бір кітаптың немесе шығарманың кейіпкерімен сұхбат жүргізу арқылы, сол кейіпкердің мінез-құлқы, іс-әрекеттері мен өмірлік ұстанымдарын талқылады. Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға және қазақ тіліндегі сөздік қорын байытуға ерекше көңіл бөлінді.
4 марта в рамках недели читательской грамотности «Современное образование: честный гражданин и культура чтения книг» состоялось мероприятие «Беседа с персонажем» для учеников 5-7 классов.
Цели мероприятия:
Развитие навыков чтения и устной речи на казахском языке.
Формирование культуры чтения книг, повышение интереса к чтению.
Воспитание честных, сознательных граждан, способных на базовом уровне передавать свои мысли на казахском языке, понимая содержание текста.
В ходе мероприятия ученики проводили беседу с персонажем выбранной книги или произведения, обсуждая его характер, поступки и жизненные принципы. Особое внимание было уделено развитию творческого мышления учащихся и обогащению их словарного запаса на казахском языке.
