2026 жылғы 19 ақпанда КММ «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» мекемесінде 8–9 сынып қыздарынан құралған «Инабат» клубы үшін «Кәмелетке толмағандарды құқықтық қорғаудың негіздері. Ерте жыныстық қатынастың қауіптері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараның мақсаты – білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және ерте жүктіліктің алдын алу.
Шараны Балқаш қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ инспекторы, полиция лейтенанты Чентемирова Ж.Б. және полиция лейтенанты Мусатаева Ж.Е. өткізіп, қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді, тәжірибеден мысалдар келтіріп, білім алушылардың сұрақтарына жауап берді. Жеке қауіпсіздік мәселелеріне, өз құқықтарын қорғау дағдыларына және дер кезінде көмекке жүгіну жолдарына ерекше назар аударылды.
Іс-шара ашық диалог форматында өтті. Қатысушылар жауапты мінез-құлықты, құқықтық мәдениетті және болашағына саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған пайдалы ақпарат алды.
#Құқықтық_тәрбие
#Заң_және_тәртіп
#Адал_азамат
#@balgash_galasy_bilim_bolimi

19 февраля 2026 года в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» для девочек 8-9 классов клуба «Инабат» был проведён круглый стол на тему «Правовые основы защиты несовершеннолетних. Риски ранних половых отношений», направленный на повышение правовой грамотности обучающихся и профилактику ранней беременности. Мероприятие провели инспектор ГБСБН ООБ ОП г.Балхаш лейтенант полиции Чентемирова Ж.Б. и лейтенант полиции Мусатаева Ж.Е. и разъяснили нормы действующего законодательства, привели примеры из практики и ответили на вопросы обучающихся. Особое внимание было уделено вопросам личной безопасности, умению защищать свои права и своевременно обращаться за помощью. Мероприятие прошло в формате открытого диалога. Участники получили полезную информацию, направленную на формирование ответственного поведения, правовой культуры и осознанного отношения к своему будущему.
#Правовое_воспитание
#Закон_и_порядок
#Адал_азамат
#@balgash_galasy_bilim_bolimi
#balqaahpoliciasy

От admin

Добавить комментарий