2026 жылдың 12 ақпан күні «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ-де «Өнегелі өмір» жобасы аясында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 37 жыл толуына орай Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші ұйымдастырылды.
Кездесуге қаламыздың тұрғыны, ауған соғысының ардагері Сакенов Берікхан Төкенұлы, ауған соғысының ардагері, интернационалист жауынгер, әскери бауырластық ұйымының төрағасы Аязбаев Мұрат Жолдасбайұлы, сондай-ақ төраға көмекшісі Балқыбеков Талғат Қадырберліұлы арнайы қонақ болып қатысты.
Кеш Ауған соғысы ардагерлерін еске алуға арналған 1 минут үнсіздікпен басталды. Іс-шара барысында оқушылар қонақтармен жақын танысып, олардың өмір жолы мен естеліктерін қызығушылықпен тыңдады. Оқушылар өз сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасып, белсенділік танытты.
Кездесу соңында Мұрат Жолдасбайұлы гитарамен ән орындап, кештің әсерін арттыра түсті. Сонымен қатар, мектеп оқушылары да өз өнерлерін ортаға салып, тағылымды кештің көркін қыздырды.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың бойында патриоттық рух қалыптастырып, ерлік пен елге қызмет етудің маңызын ұғындыруға зор ықпал етеді.
#ӨнегеліӨмір #ЕрлікЕлгеМұра #ПатриоттықТәрбие #АдалАзамат

12 февраля 2026 года в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» в рамках проекта «Өнегелі өмір» был организован вечер встречи с ветеранами Афганской войны, посвящённый 37-й годовщине вывода советских войск из Афганистана.
На встречу были приглашены житель нашего города, ветеран Афганской войны Сакенов Берикхан Токенович, ветеран Афганской войны, воин-интернационалист, председатель организации «Воинское братство» Аязбаев Мурат Жолдасбаевич, а также помощник председателя Балкыбеков Талгат Кадырберлиевич.
Вечер начался с минуты молчания в память о ветеранах Афганской войны. В ходе мероприятия учащиеся познакомились с гостями, с интересом выслушали их жизненные истории и воспоминания. Ребята задавали вопросы, активно участвовали в беседе и обменивались мнениями.
В завершение встречи Мурат Жолдасбаевич исполнил песни под гитару, что придало мероприятию особую атмосферу. Также учащиеся школы представили свои творческие номера, сделав вечер ещё более содержательным и запоминающимся.
Подобные встречи способствуют формированию у подрастающего поколения патриотического духа и понимания важности подвига и служения Родине.
#ӨнегеліӨмір #ЕрлікЕлгеМұра #ПатриотическоеВоспитание #ЧестныйГражданин

От admin

Добавить комментарий