9 ақпан күні М. Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында 6-сынып оқушыларына арналған жаңадан ұйымдастырылған кітап көрмелерінің таныстырылымы өтті.
Іс-шара барысында оқушыларға «2026 жылғы мерейтой иелері» атты кітап көрмесі таныстырылды. Аталған көрмеде қазақ халқының көрнекті тұлғалары — Ыбырай Алтынсарин, Әлихан Бөкейханов, Жамбыл Жабаев, Қажымұқан Мұңайтпасов, Мұқағали Мақатаев, Күляш Ахметова, Талғат Мұсабаев, Қайрат Рысқұлбековтің өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттер қойылды.
Сондай-ақ «Бір ел – бір кітап – 2026» республикалық акциясы аясында жазушы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған жеке кітап көрмесі ұйымдастырылып, шығарманың мазмұны, тарихи маңызы туралы оқушыларға мағлұмат берілді.
Кітап көрмелерінің мақсаты — оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру, ұлттық рухты, отансүйгіштік пен тарихи сананы қалыптастыру. Таныстырылым барысында оқушылар белсенділік танытып, қойылған сұрақтарға жауап алды.
9 февраля в библиотеке школы-интерната имени М. Русакова состоялась презентация вновь организованных книжных выставок для учащихся 6-х классов.
В ходе мероприятия школьникам была представлена книжная выставка «Юбиляры 2026 года». На выставке были размещены книги, посвящённые жизни и творчеству выдающихся деятелей казахского народа — Ибрая Алтынсарина, Алихана Букейханова, Жамбыла Жабаева, Кажымукана Мунайтпасова, Мукагали Макатаева, Куляш Ахметовой, Талгата Мусабаева, Кайрата Рыскулбекова.
Также в рамках республиканской акции «Одна страна — одна книга — 2026» была организована отдельная книжная выставка, посвящённая роману Кабдеша Жумадилова «Тағдыр». Учащимся была представлена информация о содержании произведения и его историческом значении.
Цель книжных выставок — повышение интереса учащихся к чтению, формирование национального духа, патриотизма и исторического сознания. В ходе презентации школьники проявили активность и получили ответы на интересующие их вопросы.
