Бастауыш сынып оқушыларымен ұлттық құндылықтарды дәріптеу, халықтық танымды кеңейту мақсатында «Киелі сандар» тақырыбында танымдық әңгіме-сұхбат өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар қазақ халқының дүниетанымында ерекше мәнге ие болған 3, 5, 7, 9, 40 сандары туралы мағлұматтар алды. Оқушылар топпен жұмыс жасап, арнайы дайындалған көрнекі құралдар, суреттер мен карточкалар арқылы тапсырмалар орындады. Мұғалімдер сұрақ-жауап әдісін қолдана отырып, оқушыларды еркін ой айтуға, өз пікірін дәлелдеуге бағыттады.
Жетекшілері: Советова Т.Т, Елеубекова А.Б.
С учащимися начальных классов была проведена познавательная беседа-диалог на тему «Священные числа» с целью популяризации национальных ценностей и расширения народного мировоззрения. В ходе мероприятия учащиеся получили сведения о числах 3, 5, 7, 9, 40, которые имеют особое значение в мировоззрении казахского народа. Учащиеся работали в группах, выполняя задания с использованием специально подготовленных наглядных пособий, иллюстраций и карточек. Учителя, применяя метод вопрос–ответ, направляли учащихся на свободное выражение мыслей и умение аргументировать своё мнение.
Руководители: Советова Т.Т., Елеубекова А.Б.
