2026 жылғы 16 қаңтарда “Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты” КММ-де «Адал азамат» бағдарламасы аясында, «Даналық мектеп» жобасы негізінде тағылымды іс-шара өтті. Аталған іс-шара «Адал жүрек» аналар мектебі клубының мүшелері мен мектептің тәрбиешілері Тажикеева Б.Н. және Нөкербекова Г.А. ұйымдастыруымен «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» тақырыбында өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасылық тәрбиенің маңызын арттыру, ананың бала тәрбиесіндегі рөлін насихаттау және жас ұрпақтың бойына адамгершілік, адалдық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіру болды.
Кездесу барысында қатысушылар бала тәрбиесіндегі бесіктің, салт-дәстүрдің, ананың мейірімі мен өнегесінің маңызы туралы ой бөлісіп, тәрбиелік мәні зор пікірлер айтты. Сондай-ақ, ұлттық тәрбие мен қазіргі қоғам талаптарын ұштастыру мәселелері талқыланып, өмірлік тәжірибелермен бөлісілді.
#Адал_азаматә
# Даналықмектеп
#Аналармектебі
16 января 2026 года в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» в рамках программы «Адал азамат» и проекта «Даналық мектеп» прошло содержательное воспитательное мероприятие. Данное мероприятие было организовано членами клуба «Адал жүрек» школы матерей и воспитателями школы Тажикеевой Б.Н. и Нукербековой Г.А. на тему «Если хочешь быть страной — начни с воспитания колыбели».
Основной целью мероприятия стало продвижение национальных ценностей, повышение значимости семейного воспитания, популяризация роли матери в воспитании ребёнка, а также формирование у подрастающего поколения таких качеств, как нравственность, честность и ответственность.
В ходе встречи участники обменялись мнениями о значении колыбели, национальных традиций, материнской заботы и примера в воспитании детей. Также были обсуждены вопросы гармоничного сочетания национального воспитания с требованиями современного общества, участники поделились жизненным опытом.
#Адал_азамат
#Даналықмектеп
#Аналармектебі
