«Құқықтық навигатор» апталығының жоспарына сәйкес Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты КММ-де оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Менің және менің құқығым» атты 4 кезеңнен тұратын танымдық сайыс өткізілді.
Сайысқа 9–10 сынып оқушыларынан құралған үш топ қатысып, өздерінің құқықтық білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін сынға салды. Тартысты әрі қызықты өткен сайыс барысында оқушылар заң, құқық, азаматтық міндеттерге қатысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі жағдаяттарды шешу арқылы белсенділік танытты.
Сайыс қорытындысы бойынша «Әділет» тобы жүлделі І орынды иеленді. ІІ орынға «Құқық қорғаушылары» тобы лайық деп танылса, ІІІ орынды «Заңгер» тобы қанжығасына байлады.
Іс-шара оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталды.
В соответствии с планом недели «Правовой навигатор» в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» с целью повышения правовой грамотности учащихся был проведён познавательный конкурс из 4 этапов на тему «Я и мои права».
В конкурсе приняли участие три команды, состоящие из учащихся 9–10 классов, которые продемонстрировали свои правовые знания и логическое мышление. В ходе напряжённого и интересного состязания школьники отвечали на вопросы, связанные с законом, правами и гражданскими обязанностями, а также активно решали различные ситуационные задания.
По итогам конкурса команда «Әділет» заняла почётное первое место. Второе место было присуждено команде «Құқық қорғаушылары», а третье место заняла команда «Заңгер».
Мероприятие было направлено на формирование правовой культуры учащихся, развитие знаний о своих правах и обязанностях, а также воспитание уважительного отношения к закону.
