2025 жылғы 24 желтоқсанда КММ «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернатында» орта буын сынып оқушыларына арналған «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар сыныптар арасында би және пародия жанрлары бойынша жарыстарға қатысып, жаңа жылдық әндер шырқап, би билеп, өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынды.
Кеш соңында сыныптар көрсеткен өнерлері мен белсенділіктеріне қарай жүлделі орындарға ие болды. Оқушылардың жарқын қойылымдары мерекелік кештің көркін ашып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Іс-шара соңында мектебіміздің демеушілері — қалалық «Қамқор» қайырымдылық қоры, «Халық банк» әкімшілігі, корпоративтік «Қоңырат» қорының өкілдері, сондай-ақ қаламыздағы Рим-католик шіркеуінің діни қызметкері Павол Тондра — оқушыларға тәтті сыйлықтар таратты.
#Адал_азамат
#Жаңажыл
24 декабря 2025 года в КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» было организовано праздничное мероприятие для учащихся среднего звена под названием «Добро пожаловать, Новый год!». В ходе мероприятия учащиеся приняли участие в конкурсах между классами по танцам и пародийному жанру, исполняли новогодние песни, танцевали и демонстрировали свои творческие способности широкой публике.
По итогам вечера классы были награждены призовыми местами в соответствии с проявленной активностью и уровнем подготовки. Яркие выступления учащихся украсили праздничный вечер и подарили зрителям приподнятое настроение.
В завершение мероприятия спонсоры нашей школы — городской благотворительный фонд «Қамқор», администрация «Народного банка», представители корпоративного фонда «Қоңырат», а также священнослужитель Римско-католической церкви нашего города Павол Тондра — вручили учащимся сладкие подарки.
#Адал_азамат
#Новыйгод
