Құрметті ата-аналар!
Балаларыңыздың жеке қауіпсіздігін қамтамасыз ету дағдыларын қалыптастырыңыз.
Балалармен әңгіме жүргізіп, өмірін сақтауға көмектесетін маңызды ережелерді түсіндіріңіз.
Балаларыңыздың қайда және кіммен жүргенінен үнемі хабардар болып отырыңыз, олардың жүрген жерін бақылап, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін үнемі еске салып отырыңыз.
Кешкі уақытта (сағат 22:00-ден кейін) балалардың ересектердің қарауынсыз көшеде жүруіне тыйым салынады.
Балалардың кафелерде, спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдері сатылатын орындарда болуына тыйым салынады.
Балаларға бейтаныс адамдармен сөйлесуге, бейтаныс көлікке отыруға, күмәнді заттарды ұстауға рұқсат бермеңіз (күмәнді адамдар мен заттар туралы дереу ересектерге хабарлау қажет).
Балалардың су айдындарының маңында жүруіне, мұз үстіне шығуына қатаң тыйым салыңыз.
Қыс мезгілінде жаяу жүргіншілерге арналған жол қозғалысы ережелерін балаларға үнемі еске салып отырыңыз.
Балалардың теміржол маңында, жоғары кернеулі электр желілерінің жанында, аяқталмаған немесе қираған ғимараттарда ойнауына; сіздің рұқсатыңызсыз дәрі-дәрмек қабылдауына; үшкір, кескіш, жарылғыш және тез тұтанатын заттармен (петардалар, фейерверктер және т.б.) ойнауына жол бермеңіз.
Баланың теледидар көруі мен компьютерді пайдалану уақытын және көріп отырған ақпаратын бақылауда ұстаңыз.
Есіңізде болсын, балалар табиғатынан алаңғасар әрі сенгіш келеді. Назарлары жиі бөлінеді. Сондықтан қауіпсіз мінез-құлықтың қарапайым ережелерін балаңызға неғұрлым жиі еске салсаңыз, соғұрлым оларды есте сақтап, күнделікті өмірде қолдану ықтималдығы жоғары болады.
Балаңызға тіршілік қауіпсіздігі ережелерін күн сайын еске салып отыру қажет.
Балалардың өмірі мен денсаулығы үшін ата-аналар жауапты.
Ата-ананың үлгісі — балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырудағы ең негізгі факторлардың бірі.
#Құқықтық_тәрбие
#Заң_және_тәртіп
#Адал_азамат
#ҚОББТӘРБИЕ
#@balgash_galasy_bilim_bolimi
#қауіпсіздік_ережелері
#balqaahpoliciasy

 

Каникулы под знаком безопасности «Правила безопасного поведения учащихся в период зимних каникул»
Уважаемые родители!
1.Формируйте у детей навыки обеспечения личной безопасности.
2.Проводите с детьми беседы, объясняя важные правила, соблюдение которых поможет сохранить жизнь.
3.Постоянно будьте в курсе, где и с кем ваш ребенок, контролируйте место пребывания детей, регулярно напоминайте о правилах поведения в общественных местах.
4. Поздним вечером (после 22 часов) детям запрещено появляться на улице без сопровождения взрослых.
5. Детям запрещено находиться в кафе, в местах продажи спиртных напитков и табачных изделий.
6. Не разрешайте детям разговаривать с незнакомыми людьми, садиться в незнакомый транспорт; трогать незнакомые предметы (о подозрительных людях и предметах немедленно сообщать взрослым).
7. Запрещайте пребывание детей вблизи водоёмов, выход на лёд.
8. Напоминайте детям о правилах дорожного движения для пешеходов в зимний период.
9. Не разрешайте детям играть вблизи железной дороги, высоковольтных линий, недостроенных и разрушенных зданий; употреблять лекарственные препараты без Вас; играть с колющими, режущими, взрывоопасными и легковоспламеняющимися предметами (петарды, фейерверки и т. д.).
10. Контролируйте временной режим и информацию при просмотре ребёнком телевизора и работе на компьютере.
11. Помните, что от природы дети беспечны и доверчивы. Внимание у детей бывает рассеянным. Поэтому, чем чаще вы напоминаете ребенку несложные правила поведения, тем больше вероятность, что он их запомнит, и будет применять.
Необходимо напоминать правила безопасности жизнедеятельности своему ребёнку ежедневно.
Родители несут ответственность за жизнь и здоровье своих детей. Пример родителей — один из основных факторов успешного воспитания у детей навыков безопасного поведения…
#Правовое_воспитание
#Закон_и_порядок
#Адал_азамат
#ҚОББТӘРБИЕ
#@balgash_galasy_bilim_bolimi
#қауіпсіздік_ ережелері
#balqaahpoliciasy

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *