Вакансия туралы ақпарат

Хореограф — 1 жүктеме

Бос лауазымдарға қабылдау үшін конкурс жариялаймыз!

Қарағанды ​​облысы білім басқармасының Балқаш қаласы білім бөлімінің «Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты» КММ

Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 139 бабына сәйкес төмендегі бос лауазымдарға қабылдау үшін конкурс жариялайды

1. Қабылдау 2022-2023 оқу жылына жүргізіледі.

2. Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілік санатына байланысты төленеді.

3. Қажетті  құжаттар  тізімі:

Байқауға қатысу туралы өтініш;

1) Жеке басты құжаттың көшірмесі;

2) Кадрлық есепке алу үшін жеке нысанда толтырылады (нақты тұрғылықты жердің мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса)

3) Білім саласындағы уәкілетті орган бекіткен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері

4) Ұлттық біліктілік тестілеудің сертификаты (бұдан әрі — ҰБТ) немесе модератор-педагог, сарапшы-педагог, зерттеуші-педагог, магистр-педагог біліктілік санатының сертификаты (бар болса);

5) Біліктілік санаты, ғылыми дәрежесі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса)

6) Еңбек қызметін растайтын құжаттарының көшірмесі (бар болса);

7) Алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныс хат (еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде);

8) Кәсіби жетістіктердің көрсеткіштері (білім алушылардың дипломдары, олимпиадалар мен конкурстар жеңімпаздарының грамоталары, ғылыми жобалары; мұғалімдер мен олимпиадалар жеңімпаздарының дипломдары, грамоталары, мемлекеттік награда,авторлық жұмыстар және жарияланымдар, пәндік дайындық сертификаттары; цифрлық сауаттылық сертификаты);

9) Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың (ЖОО-ның өзіндік үлгідегі құжатының көшірмесі, диплом, диплом қосымшасы (наториалды расталған);

10) Кадрларды есепке алу жөніндегі іс парағы және 5х6 — 2дана,  3х4-2 дана фото;

11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

12) Нейропсихиатриялық ұйымының анықтамасы

13) Наркологиялық ұйымының анықтамасы;

14) Соттылығының жоқтығы (болуы) туралы анықтама

15) Тубекулезге қарсы диспансерден анықтама;

16) Түйіндеме.

Конкурсқа қатысу үшін: Конкурстық комиссияның қарауына құжаттар пошта бойынша, қолма-қол Балқаш қаласы, Сәтпаев көшесі 5 мекенжайы бойынша, және internat2.rusakova@mail.ru электрондық мекенжай бойынша қабылданады.

Анықтама үшін телефон:8 (710) 36 4-90-21.

 4. Келесі лауазымдар бойынша бос орындар бар:

хореограф — 1 мөлшерлеме жүктеме

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *