Тарих апталығы аясында «Тарихи тұлғалар және олардың тәуелсіздіктің қалыптасуындағы рөлі. Бөкей Ордасы ханы – Жәңгір хан» тақырыбында мазмұнды пікірсайыс ұйымдастырылды. Іс-шараға екі топ қатысып, өз білімдері мен тарихи деректерді талдау қабілеттерін сынға салды. Пікірсайыстың басты мақсаты – оқушылардың Жәңгір ханның саяси қызметіне қатысты саналы көзқарас қалыптастыруы, тарихи мәліметтерді саралап, дәлелді түрде ой айту дағдыларын дамыту болды. Тартысты өткен сайыс барысында қатысушылар өз пайымдарын нақты деректермен бекітіп, жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша өз дәлелдерімен ерекшеленген «Әділет» тобы жеңіс тұғырынан көрінді. Ал табандылық танытқан «Руханият» тобы жүлделі II орын иеленді. Бұл іс-шара оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп қана қоймай, олардың еркін ойлау, пікір талдау мәдениетін дамытуға зор үлес қосты
В рамках Недели истории был организован содержательный дебат на тему:
«Исторические личности и их роль в формировании независимости. Хан Бөкей Орды – Жәңгір хан».
В мероприятии приняли участие две команды, продемонстрировав свои знания и умение анализировать исторические факты.
Основная цель дебата — сформировать у учащихся осознанное представление о политической деятельности Жәңгір хана, развить навыки анализа исторических материалов и умение аргументированно выражать свои мысли. В напряжённой дискуссии участники подкрепляли свои идеи конкретными фактами и показали высокий уровень подготовки.
По итогам соревнования команда «Әділет», отличившаяся убедительными аргументами, заняла первое место. Команда «Руханият» проявила настойчивость и стала обладателем II места.
Это мероприятие не только расширило исторический кругозор учащихся, но и внесло значительный вклад в развитие их критического мышления и культуры ведения спора
