2025 жыл 9 желтоқсан күні М.Русаков атындағы мектеп-интернат кітапханасында 5 сынып оқушылары үшін «Семей ядролық полигоны» атты танымдық сағат өткізілді. Бұл іс-шара «Тарих апталығы» аясында ұйымдастырылып, жастарға Семей ядролық полигонының тарихы мен оның еліміздің болашағына тигізген әсері туралы түсінік беру мақсатын көздеді.
Танымдық сағат барысында кітапханашы бейнбаян көрсетіп оқушыларға Семей ядролық полигонының ашылуы, оның салдарлары, атом сынақтарының халыққа, табиғатқа, экологияға және адам өміріне қалай әсер еткені туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, оқушыларға Семей полигонының жабылу тарихы, сонымен қатар Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы жөнінде мәліметтер ұсынылды.
Шараға қатысқан оқушылар өздерінің пікірлерін ортаға салып, сұрақтар қойып, осы маңызды тақырыпқа қатысты көзқарастарын білдірді. Іс-шараның соңында балаларға Семей ядролық полигонының жабылуының маңыздылығын түсіндіріп, ядролық қарудан бас тарту туралы халықаралық келісімдердің мәні туралы әңгімелесті.
Бұл танымдық сағат оқушыларға еліміздің ядролық қарудан азат болуына, сондай-ақ оның тарихи маңызына деген құрмет пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етті.
9 декабря в библиотеке школы-интерната имени М. Русакова для учащихся 5 классов был проведен познавательный час на тему «Семей ядролық пологоны». Мероприятие было организовано в рамках «Недели истории» и направлено на ознакомление молодежи с историей Семипалатинского ядерного полигона и его влиянием на будущее нашей страны.
В ходе познавательного часа библиотекарь подробно рассказала и показала слайд школьникам о создании полигона, его последствиях, а также о воздействии ядерных испытаний на людей, природу, экологию и человеческую жизнь. Также были представлены факты о закрытии полигона и отказе Казахстана от ядерного оружия.
Учащиеся активно участвовали в обсуждении, высказывали свои мнения, задавали вопросы и делились взглядами на эту важную тему. В завершение мероприятия детям разъяснили важность закрытия Семипалатинского полигона и рассказали о международных соглашениях по отказу от ядерного оружия.
Этот познавательный час стал важным шагом в формировании у школьников уважения к историческому значению ядерного разоружения и повышении их ответственности за будущее нашей страны.
