“Михаил Русаков атындағы мектеп-интернаты” КММ-нің “Даналық мектебі” клубы аясында “Жеңгелер мектебі” мен “Инабат” қыздар клубының ұйымдастыруымен “Қазіргі қазақ қызы: білімді, батыл, белсенді” атты тәрбиелік іс-шара өтті.
Шараның негізгі мақсаты – жас қыздардың бойында ұлттық тәрбиені, инабаттылықты, өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыру, сондай-ақ қоғамда өзіндік орны бар, жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу арқылы оларды жігерлендіру.
Іс-шараға қаламыздың танымал, түрлі салаларда жетістікке жеткен жеңгелері арнайы қонақ ретінде шақырылды. Қонақтар өзінің өмір жолы, кәсіби тәжірибесі мен табысқа жету жолындағы маңызды қағидаларымен бөлісіп, қыздарға мотивaция берді. Олар қазіргі қазақ қызының заман талабына сай білімді, батыл, белсенді болуының маңызын атап өтті.
#Адал_азамат
#Даналықмектебі

В рамках клуба «Школа мудрости» КГУ «Школа-интернат имени Михаила Русакова» было проведено воспитательное мероприятие под названием «Современная казахская девушка: образованная, смелая, активная», организованное «Школой жеңгелер» и девичьим клубом «Инабат».
Основная цель мероприятия — формирование у девушек национальных ценностей, скромности, уверенности в себе, а также мотивация через встречу с успешными женщинами, занимающими достойное место в обществе.
На встречу были приглашены известные и добившиеся успеха жеңгелер нашего города. Гости поделились своим жизненным опытом, профессиональным путём и важными принципами достижения успеха, вдохновив девушек на активное развитие. Они подчеркнули, что современная казахская девушка должна соответствовать требованиям времени: быть образованной, смелой и деятельной.
#Адал_азамат
#Даналықмектебі

 

От admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *