20 қараша күні Қарағанды облысы әкімдігі және «АМАНАТ» партиясының қолдауымен оқушылар арасында ұйымдастырылған «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтудан «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының қалалық кезеңі «Ағыбай батыр оқушылар сарайында» жоғары деңгейде өтті. Байқаудың мақсаты — батырлық эпостарды насихаттау,оқушылардың зияткерлік қабілетін дамыту және ұлттық әдебиетке қызығушылығын арттыру.
Байқауға қатысқан оқушылар қазақтың даңқты қолбасшысы жайлы жазылған «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтып, өздерінің білімін, шешендік қабілетін, сахна мәдениетін және мәтінді мәнерлеп оқу шеберлігін сынға салды.
Осы байқауда мектебіміздің намысын қорғаған 10-сынып оқушысы Шакирова Аружан үздік өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Жырды мәнерлеп оқу, мазмұнын терең түсіну және көркем жеткізу бағыттарында ерекше көзге түскен Аружан жүлделі 2-орынды иеленіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты.
Аружанды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы облыстық кезеңде толағай табыстар тілейміз! Жетекшісі: Есимбекова Асел Тишпековна
