15 мамыр күні ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен мектебімізде терроризмге қарсы бағыттағы оқу-жаттығу өтті.
Іс-шара барысында мектеп ұжымына, оқушыларға терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі алгоритмдер нұсқамасы беріліп, тиісті деңгейде орындалуы қадағаланды. Қарулы шабуыл жасалған кездегі, өрт қаупі, бомба салынған жағдайлардағы жалпы нұсқаулықтар айтылды. Техникалық құралдардың яғни, дабыл түймесі, турникет және бейнекамералардың жұмыс істеуі және дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда жеке күзет ұйымының жедел әрекет етуі тексерілді. Оқу-жаттығуды жүргізудегі түпкі мақсат – техникалық құралдардың тұрақты жұмыс істеуін бақылаудан бөлек, қауіп төнген жағдайда оқушылар, мұғалімдер мен қызметкерлердің дұрыс әрі қауіпсіздікті сақтап, жедел әрекет етуіне бағдарлау.
15 мая в нашей школе по инициативе Комитета по защите прав детей Министерства образования Республики Казахстан прошло антитеррористическое учение. В ходе мероприятия сотрудники школы и обучающиеся были проинструктированы об алгоритмах организации защиты от терроризма, а их выполнение отслеживалось на соответствующем уровне. Были даны общие инструкции на случай вооруженного нападения, опасности возгорания или взрыва бомбы. Проверялась работа технических средств, т. е. тревожной кнопки, турникета и видеокамер, а также оперативное действие вневедомственной охранной организации в случае вызова по тревожным кнопкам. Конечной целью проведения обучения является контроль за штатной работой технического оборудования, а также руководство учащихся, преподавателей и сотрудников по соблюдению надлежащей безопасности и оперативным действиям в случае опасности.