«Өнегелі өмір» жобасы аясындағы шығармашылық кездесу
2025 жылдың қараша айында мектебімізде «Өнегелі өмір» жобасы аясында ерекше шығармашылық кездесу өтті. Қонақ ретінде гипстен бұйымдар жасайтын шебер, “Altinai_home_dekor” дүкенінің негізін қалаушысы — Жырғалбаева Алтынай шақырылды.
Кездесудің мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ табандылық пен жауапкершілік секілді тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру болды.
Шебер өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, гипстен бұйымдар жасау технологиясын кезең-кезеңімен көрсетті. Оқушылар қолөнердің қыр-сырымен танысып, өз қолдарымен шағын бұйым жасап көру мүмкіндігіне ие болды. Бұл олардың эстетикалық талғамын, ұқыптылығын және шығармашылық ойлауын дамытуға ықпал етті.
Кездесу жылы, достық атмосферада өтті. Іс-шара соңында оқушыларға қолдан жасалған бұйымдар естелік ретінде сыйға тартылды.
Встреча в рамках проекта «Достойная жизнь»
11 ноября в школе-интернате имени Михаила Русакова состоялась творческая встреча в рамках проекта «Өнегелі өмір» («Достойная жизнь»). Гостем мероприятия стала мастер по изготовлению изделий из гипса, основательница магазина Altinai_home_dekor — Жыргалбаева Алтынай.
Цель встречи — развитие у учащихся творческих способностей, формирование интереса к труду, а также воспитание таких личностных качеств, как настойчивость и ответственность.
В ходе мастер-класса Алтынай поделилась своим опытом и продемонстрировала технологию изготовления декоративных изделий из гипса. Учащиеся познакомились с основами ручного труда и получили возможность самостоятельно создать небольшие изделия своими руками.
Мероприятие прошло в тёплой и дружелюбной атмосфере. В завершение встречи дети получили в подарок изделия ручной работы, что стало приятным и вдохновляющим моментом.
